45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view2016-02-08 · «Хоккей» ойыны....

8
Пәні: Қазақ тілі Күні: 02.02.2016ж Сыныбы: 3 «Е» Тақырыбы: «Қыс қызықтары» Мақсаттары: Білімділігі: қыс қызықтары туралы түсінік бере отырып, оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру. Жаңа сөздермен таныстыра отырып, оқушының қиялын ұштау. Дамытушылығы: байланыстырып сөйлеу қабілетін, тілін дамыту. Тәрбиелілігі: табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, «ыстық орындық», «хоккей» ойыны. Сабақтың көрнекілігі: интер.тақта.слайдтар, жазба бетшелер. Сабақтың жүру барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. - Оқушылармен амандасу, түгендеу; - Оқушыларды топқа бөлу;( қыс мезгіліне байланысты суреттер) II. Психологиялық дайындық: «Жақсы сөз жанды қуантады» (оқушылар бір – біріне жылы

Transcript of 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view2016-02-08 · «Хоккей» ойыны....

Page 1: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view2016-02-08 · «Хоккей» ойыны. Голл соғу. Әр топқа әр түрлі тапсырма беріледі. Орындаған

Пәні: Қазақ тілі

Күні: 02.02.2016ж

Сыныбы: 3 «Е»

Тақырыбы: «Қыс қызықтары»

Мақсаттары:

Білімділігі: қыс қызықтары туралы түсінік бере отырып, оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру. Жаңа сөздермен таныстыра отырып, оқушының қиялын ұштау.Дамытушылығы: байланыстырып сөйлеу қабілетін, тілін дамыту.Тәрбиелілігі: табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, «ыстық орындық», «хоккей» ойыны.

Сабақтың көрнекілігі: интер.тақта.слайдтар, жазба бетшелер.

Сабақтың жүру барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.- Оқушылармен амандасу, түгендеу;- Оқушыларды топқа бөлу;( қыс мезгіліне байланысты суреттер)

II. Психологиялық дайындық: «Жақсы сөз жанды қуантады» (оқушылар бір – біріне жылы тілектер айтады)

III. Үй тапсырмасын тексеру.IV. Қайталау- оқу анасы.

1. Қазақ тілінде неше жалғаудың түрі бар?2. Тәуелдік жалғауы дегеніміз не?3. Қазақ тілінде неше септік бар?

Page 2: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view2016-02-08 · «Хоккей» ойыны. Голл соғу. Әр топқа әр түрлі тапсырма беріледі. Орындаған

4. Буынның неше түрі бар?

V. Жаңа сабақ.

Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

VI.Сөздік жұмысы:

жел соғады – дует ветер

қардан – из снега

сырғанайды – катается

-жаңа сөздерді өзім оқыдым, оқушылар қайталады;

-оқушылар тізбектеп оқып шықты;

-берілген сөздерменен сөйлем құрастырдық;

VII. Орындалатын тапсырмалар. ( сабақтағы ерекшелікті, құпияны ескерту).

Page 3: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view2016-02-08 · «Хоккей» ойыны. Голл соғу. Әр топқа әр түрлі тапсырма беріледі. Орындаған

1- құпия. Ұжымдық жұмыс. (мәтінмен жұмыс) Қыс.

Қыс түсті. Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қыс желтоқсан айынан басталады. Қыс мезгілінде күн суытады. Суық жел соғады. Күн қысқарып, түн ұзарады. Жиі-жиі қар жауады. Жердің бетін аппақ қар басады. Адамдар қыста жылы киінеді. Бұл мезгілді балалар жақсы көреді. Олар коньки тебеді, шаңғымен сырғанайды, қардан аққала жасайды.

- Мәтінді түсініп оқу;- Мәтінді аудару. Сөздікті қолдану.- Сұрақ – жауап. ( оқушылар бір –біріне сұрақ қоюы, тіл дамыту)

2-құпия. Топ оқушыларының жұмысы.

Желтоқсан тобына: « Шырша » сөзін тәуелде.

Қаңтар тобына: « Шаңғы » сөзіне фонетикалық талдау жаса.

Ақпан тобына: « Аққала » сөзін септе.

VIII.Сергіту сәті: Тоңса біздің қолымыз, Қолғап киіп аламыз. Сарт-сарт –сарт, Шапалақ соғамыз. Тоңса біздің аяғымыз, Етік киіп аламыз. Топ-топ-топ, Топылдатып билейміз. Тоңса біздің денеміз, Тонды киіп аламыз, Зу-зу-зу Шанаменен зулаймыз. ( осы өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасату ).

3-құпия. «Жұптас, ойлан, бөліс» стратегиясы бойынша, берілген суреттерге қарап диалог құрастыру.

Page 4: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view2016-02-08 · «Хоккей» ойыны. Голл соғу. Әр топқа әр түрлі тапсырма беріледі. Орындаған

4-құпия. «Хоккей» ойыны. Голл соғу.

Әр топқа әр түрлі тапсырма беріледі. Орындаған тапсырмасы дұрыс болса қол соғамын, оқушылар голл деп айқайлайды.

Ақпан тобы: Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз.

Қыс айлары: ..., ..., ... . Жерді қалың ... жапты. Қыста жиі ... жауады, ... соғады. Ағаш бұтақтары ... жамылған. Шанасын сүйретіп ... далаға шықты.

Қаңтар тобы: Жақша ішіндегі сөздерді аударып жаз.

Қыс (пришла). (Снег) жауады. (Река) қатты. Коля мен Саятта (санки) бар. Еркінде (лыжи) бар. Берікте коньки (есть).

Желтоқсан тобы: Берілген сөздерді буынға бөліп, буын түрін ажыратып жаз.

Аққала, шана, шаңғы, желтоқсан, қаңтар, суық, боран, сырғанақ.

Құпияның ашылуы, сөзжұмбақ шешу.

(ерекше жолақтан аққала сөзін оқытып, парақшаларды ашып, аққала суретін құрастыру).

Page 5: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view2016-02-08 · «Хоккей» ойыны. Голл соғу. Әр топқа әр түрлі тапсырма беріледі. Орындаған

IX. Қорытынды.

«Ыстық орындық» стратегиясы.

Сұрақ-жауап.

1.Қазір жылдың қай мезгілі?

2.Қыс айлары?

3.Қыс мезгілінде ауа райы қандай?

4.Қыста не жауады?

5.Қардан не жасаймыз?

6.Қыста адамдар қалай киінеді?

7.Қыс қызықтары?

X. Үйге тапсырма:

Өз ойларыңмен қыс қызықтарын бейнелеңдер.

XI.Бейне ролик арқылы «Қыс әнін»шырқап, сабақты аяқтау.

XII. Мадақтау, бағалау.

Page 6: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view2016-02-08 · «Хоккей» ойыны. Голл соғу. Әр топқа әр түрлі тапсырма беріледі. Орындаған

№ 17 мектеп-лицейі

Ашық сабақТақырыбы: «Қыс қызықтары» Сыныбы: 3 «Е» Пән мұғалімі: Куаналиева А.Т.

Ақпан 2016жыл