130 (3187) 2014-11-15

12
86' (85 585 ĭ³£« Ĥ£¤©L ª£¬¢© HPDLO LQIR#DVWDQDDNVKDP\N] :::$67$1$$.6+$0<.= Ě 130 ÒÆμ 15 ĭÁÑÁÙÁ ÇÜÌ ÑæòðôâìéëáìüĬ ĬïĨáíåüĬòáĀòé äáèæó çüìĨü Ĭáèáîîáî âáòóáð ùüĨáåü -4°.. -2° -2°.. 0° Çæì âáĨüóü íæî çüìåáíåüĨü âáóüò íò Ëġî ùüĨôü òáĨáó íéîôó Ëġî âáóôü òáĨáó íéîôó Ëġî ĪèáĬóüĨü òáĨáó íéîôó ÂĪì ëġîäĄ æĦ çïĨáñĨü óæíðæñáóôñá n& çüì ÆĦ óĤíæîäĄ óæíðæñáóôñá n& çüì LjʃǍLJDŽǑƼǎ ˘ˬ˘ˬ೪ ˭ഉ˳ˬˤ˺˘˵˵೮ ഉˬ˟˶˭˟˵˵˧˪Ͳ˭ഉ˞˟ˮˤ ˞˘˭˶ ˭ഉ˳˟ˬ˟ˬ˟˲˧ ˢˮ˧ˮ˞˟˛˧ ˵˲˘೪˵ ˪˯˭ˤ˳˳ˤ˳ˮ೮ ˯˵˲˳ˮ˞˘ ˟ˬ˯˲˞˘˞˘೦ ˙˧˲೪˘˵˘˲ ˙˘˳೪˘˲˭˘ˬ˘˲˞೮ ˘ˬ˞˘೦ ϮϬϭϱͲϮϬϭϳ ˢˬ˞˘˲೦˘ ˘˲ˮ˘ˬ೦˘ˮ ˙˞ˢ˟˵ ˢ˯˙˘˳ ˵˘ˬ೪ˬ˘ˮ˞ əǔ ǂǗLJǀǗɅ ƽǚǀǂǁǎ ǂNJƽƼǍǗ ǎƼLJɅǗLJƼljǀǗ Негізгі бөлім бойынша сөз алған Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Жүсіпова депутаттардың қарауына 2015-2017 жылдарға арналған бюджеттің жобасын ұсынды. Осыған орай, бас қаладағы Білім, Ішкі саясат, Жастар мәселелері жөніндегі басқармалар мен Ту- ризм, дене тәрбиесі және спорт басқармаларының басшылары баян- дама жасады. (Жалғасы 4-бетте) 12 Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Ұлттық ұланның жедел бригадасының жеке құрамына айбын мен даңқтың символы – Әскери туды табыстады. «ТМД елдерінің арасында теңдесі жоқ әскери қалашық елордамыз Астананың дәл ортасынан орын тепті. Әскерилердің жақсы жаттығуы үшін, жайлы өмір сүруі үшін барлық жағдай жасалды. Бұл – сіздерге мемлекеттің дұрыс көңіл бөлгенінің белгісі. Елдің жеткен жетістіктерінің бәрі – ішкі татулықтың, ұлттар арасындағы ауызбіршіліктің, дінаралық келісімнің арқасы. Осы тұтастық қорғаушысы, сақшысы – сіздер», – деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев офицерлер мен әскери қызметшілерге арнаған сөзінде. (Жалғасы 4-бетте) ʶʫˌʫ ʺʫʺʸʫʶʫ˃ ʥʤˁˌˏˁˏ ʻ౭ˀˁ౭ʸ˃ʤʻ ʻʤʯʤˀʥʤʫʦ ʤʯʤˁ˃ʤʻ ˀʫˁʿ˄ʥʸʰʶʤˁˏ ౭ʸ˃˃ˏ ౭ʸʤʻˏ ʮʤ౦ʤ ˁʶʫˀʰ ʤʸʤˌˏˏʻˏ౦ ʤˌˏʸ˄ ˁʤʸ˃ʤʻʤ˃ˏʻʤ ʤ˃ˏˁ˃ˏ ã×Ý× ÜÙàâÛß à×Ĉ×āăà ×āăĈĉă ǎ ƽəƿƲlj ɛLJǎǎǗɅ ƾƼLJǚǎƼ džəljƲ 6
  • Upload

    -
  • Category

    Documents

  • view

    239
  • download

    13

description

АСТАНА АҚШАМЫ №130 (3187) 15 қараша

Transcript of 130 (3187) 2014-11-15

Page 1: 130 (3187) 2014-11-15

130 15

-4°.. -2°-2°.. 0°

Негізгі бөлім бойынша сөз алған Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Жүсіпова депутаттардың қарауына 2015-2017 жылдарға арналған б ю д ж е т т і ң ж о б а с ы н ұ с ы н д ы . Осыған орай, бас қаладағы Білім, Ішкі саясат, Жастар мәселелері жөніндегі басқармалар мен Ту-ризм, дене тәрбиесі және спорт басқармаларының басшылары баян-дама жасады.

(Жалғасы 4-бетте)

12

Қ а з а қ с т а н Р е с п у б л и к а с ы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Ұлттық ұланның жедел бригадасының жеке құрамына айбын мен даңқтың символы – Әскери туды табыстады.

«ТМД елдерінің арасында теңдесі жоқ әскери қалашық елордамыз Астананың дәл ортасынан орын тепті. Әскерилердің жақсы жаттығуы үшін, жайлы өмір сүруі үшін барлық жағдай жасалды. Бұл – сіздерге мемлекеттің дұрыс көңіл бөлгенінің белгісі. Елдің жеткен жетістіктерінің бәрі – ішкі татулықтың, ұлттар арасындағы ауызбіршіліктің, дінаралық келісімнің арқасы. Осы тұтастық қорғаушысы, сақшысы – сіздер», – деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев офицерлер мен әскери қызметшілерге арнаған сөзінде.

(Жалғасы 4-бетте)

6

Page 2: 130 (3187) 2014-11-15

2www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

«Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген мәжілісінде Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына «Нұр-лы жол – болашаққа бастар жол» атты жаңа Жолдауын жариялады.

«Нұрлы жол» – болашаққа бас-тайтын аса маңызды, қазіргі уақытта қажетті стратегиялық құжат.

Ел экономикасын өркендету, дамыған мемлекеттердің қатарынан лайықты орын алу үшін Жолдауда айтылған тапсырмаларды орын-дау – біздің міндетіміз. Сондықтан кешенді жоспар құрып, Елбасы тап-сырмаларын орындау іс-шараларын дайындауымыз керек. Қысқа уақыт ішінде табысты жұмыстар ат қа-руымыз қажет.

Жолдауда мемлекетімізді, эко-номикамызды дамытудың барлық бағыттары, даму жолдары көр-се тілген. Сондықтан бар күш-жігерімізді аямай жұмыс жасауымыз қажет. Бұл – біздің ортақ парызымыз, басты мақсатымыз.

«Қазақстан – 2050» стратегия-сының көкжиегін кеңейте келе, бү гінде әлемдік экономикадағы жағ дай дың тұрақсыздығына қара-мастан, қатер мен қауіптерге жауап ретінде келесі кезең – Қазақстанның «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатына өттік. Екі вектордың қиылысатын жерінің бірі – Қазақ-станның даму жолы, екіншісі – сөзсіз табысқа қол жеткізу.

Биліктегі «Нұр Отан» партия сы-ның Саяси кеңесі мәжілісінде Елбасы осыны өз Жолдауында атап өтті. Бүгін қалалық активтің кеңейтілген отырысында Жолдаудың басты тұстары мен бағыттарын талқыға саламыз. Бұл еліміздің қалыптасу тарихында өз орнын алатын, тарих еншісіне өтіп бара жатқан жылы болған маңызды оқиғалардың бірі деп санаймын.

Біз дамыған 50 мемлекеттің қа -тарына қосылып, үздік 30 елге қо-сылуға қадам жасадық.

Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында Қазақстан үлкен жетістіктерге жетті. Бүгінде Қазақстан – мықты әлеуметтік-экономикалық іргетасы бар мемле-кет. Біздің мемлекетіміздің жалпы мо-дернизация мен реформалар жүргізу мерзімі басқа елдерге қарағанда кем дегенде 4 есе қысқа болып шықты.

Астанамыз Қазақстан өркендеуінің жарқын үлгісі болып табылады.

Экономикалық-технологиялық да-мумен қатар, әлеуметтік-мәдени са лада да айтарлықтай жетістіктерге жетуде. Тіршілік әрекетіндегі елеулі өзгерістер бірден байқалады.

Осының барлығы, ең алдымен, уақытпен тексерілген стратегиялық жоспарлауды жетілдірген Елбасының саяси жігерлілігінің арқасы. Олар «Қазақстан – 2030», «Қазақстан – 2050» құжаттарында бекітілген және еліміздің бүгінгі «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатында да көрсетілген.

Мемлекет Басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауы – бұл экономика өсуінің жетеккүші.

Алда бізді үлкен және жауап кер-шілікті жұмыс күтіп тұр, оны лайықты атқару үшін біз әрдайым ұйымшыл болуымыз қажет. Біздің күшіміз бірлікте, бір-бірімізге толерантты

болуымыз керек, ұлтаралық және конфессияаралық ынтымақтастықты сақтау керек дегенді Елбасымыз атап айтты.

Кез келген мемлекетте экономика өркендемесе, әлеуметтік прогресс тежеледі. Біздің алдымызда жаңа эко номикалық принциптерге көшу мақсаты тұр. Бірінші кезекте 2015 жылға арналған бюджеттің пара метр-лерін қайта қарау керек, соған сәйкес өзгертулер енгізу қажет. Сонымен қатар, біз барлық әлеуметтік шарттар мен міндеттемелерді қам тамасыз етуіміз керек.

Көлік, энергетика, индустриалды және әлеуметтік инфрақұрылымдар, сондай-ақ, шағын және орта бизнес қосымша көмек алуы тиіс. Сондықтан келесі бағыттарды назардан тыс қалдырмауымыз қажет.

Бірінші. «ЭКСПО – 2017» ха лықаралық мамандандырылған

көрмесін өткізу қарсаңында Астана қаласының көлік инфрақұрылымын дамыту керек, бұл елордалық әуе-жайда жаңа терминалдың құрылысы мен ұшып-қону жолын қалпына келтіруге де қатысты.

Екінші. Индустриалды инфра-құрылымды дамыту. №2 Индус-триалды паркті салу жұмыстарын жалғастыру керек, оны нақты жо ба -лармен толтырып, ілеспелі ин фра-құрылымды қалыптастыру қа жет. Бұл шағын және орта бизнесті да-мытуға, қосымша инвестициялар тартуға, жұмыс орындарын құруға үлкен ықпал етеді.

Қаланы дамытудың маңызды бағыттарының бірі – «Ақылды қала» жобасын жүзеге асыру бо-лып табылады. Оған елордамыздың тұрмыс-тіршілігінің көптеген сала-лары кіреді, сондықтан бұл мәселені назарда ұстау керек.

Үшінші. Энергетикалық инфра-құрылым. ЖЭО-1, ЖЭО-2 қалпына келтіру жұмыстарын, ЖЭО-3 және басқа да ірі энергетикалық жо ба-лардың құрылысын, соның ішінде ТКШ инфрақұрылымын және су-электр қуатымен қамту желілерін жаңғыртуды белгіленген мерзімде жүргізуіміз керек.

Төртінші. Арендалық тұрғын үй құрылысын жүргізу тәсілдерін қайта қарастырып, оны делдалсыз және барынша төмен пайыздармен несиеге беру керек. Бұл туралы Жолдауда тура айтылған.

Бесінші. Әлеуметтік инфра құ-рылымды дамытуды, жеке сектор-ды тарта отырып, мектептердегі және мектепке дейінгі мекемелердегі орындардың жетіспеушілігін қыс-қартуды қолға алу керек.

Саясаттың жаңа ұстанымдары әлеуметтік кепілдемелер мен жеке жауапкершілікке қатысты. Бүгінгі қоғамның талабы – жаңартылған және әлдеқайда тиімді әлеуметтік сая-сат. Оған, біріншіден, мемлекет кепіл берген ең төменгі әлеуметтік стан-дарт, екіншіден, халықтың әлеуметтік осал топтарына атаулы көмек көрсету, үшіншіден, әлеуметтік дисбаланс мәселесін шешу және ең соңғысы, төртіншіден, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және еңбекақы төлеу саясатын модернизациялау жатады.

Қазіргі заманғы білім жүйесінің бағыттары анықталды. Білім мен кәсіби біліктілікке ие болу, кадр-ларды дайындау және қайта даярлау.

Олардың тұрақтылығы мен ор нық -тылығы үшін ұдайы креативті ше-шімдер, салыстыра тексерілген ша-ралар мен шешімдер қабылдау керек.

Алтыншы. Құжатта ұлттық эко-номиканың жетекші күші – кәсіп-керлікке жан-жақты қолдау көрсету керек делінген. Шағын және орта биз-нес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Оның елорданың жалпы өңірлік өнімі құрамындағы үлесін ұлғайту керек.

Жалпы алғанда, әрбір басқарма өзінің егжей-тегжейлі жоспарын әзірлеу керек. Сонымен қатар, Мем-лекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жол-дауын іске асыру жөніндегі жал-пы қалалық іс-шаралар жоспарын әзірлеу қажет. Қала әкімі аппаратына жалпыұлттық жоспарда көрсетілген міндеттерді ескере келе, оны дайын-дау бойынша шараларды қабылдауды тапсырамын.

Барлықтарыңыз Президентіміздің Жолдауын тыңдадыңыздар. Оның айтқан мына сөздері естеріңізде қалған болар: «Біздің кең-байтақ жерімізде жолдар бойында әркезде де өмір пайда болған және дамып отыр ған. Біз Астанадан барлық жақ тар ға автомобиль, теміржол және авиа циялық магистральдар тарай тындай көлік желісін құруға тиіспіз. Жүрек тен тарайтын арте-риялар сияқты. Күннен тарайтын шұғыла сияқты».

Нұрсұлтан Әбішұлы дамудың басты орталығы ретінде елорданы тегін белгілемеді, нақтырақ айтсақ, Астана – мемлекетіміздің дамуының негізгі орталығы.

Бізге, астаналықтарға, Прези-дент көп үміт пен сенім артатыны белгілі. Сондықтан осында отырған барлықтарыңызға Елбасы тапсыр-масын орындау үшін үлкен міндет жүктеліп отыр.

Мемлекет Басшысының Жол-дауы біздің алдағы уақыттағы ат қарар жұмыстарымыздың басты импе ративі болуы керек, Астана іс жүзінде мемлекеттің прогрессивті дамуындағы муль-типликатор болуы керек.

Елбасы Жолдауының негізгі шарт-тарын сапалы және тиімді орын-дау арқылы көзделген мақсаттарға жетеміз деп сенемін.

Page 3: 130 (3187) 2014-11-15

3www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

– Елдік құжатта айтылған әр мәселе тұрғындардың әлеуметтік жағдайын ілгерілетуге бағытталған. Тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту, жұмыспен қамту, көлік жол инфрақұрылымын өркендету, бірлікті нығайту – әр азаматтың өмірін мәнді ететін салалар легі. Елбасы мемлекетіміздің алдында үлкен сынақ тұрғанын айтты. Кез келген қиындықтан өту үшін алдымен халықтың бірлігі керек. Президент атап өткендей, біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында осындай табыстарға жеттік. Кейінгі ұрпаққа аманаттап қалдыратын ең басты байлағымыз да бірлік екенін Елбасы атап өтті. Келесі жылы – Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығы аталып өтпек. Бүгінде осынау маңызды шараға әр этно-бір лестік ыждаһаттылықпен дайын-далып жатыр. Әрқайсысымыз өз жос парымызды ұсындық. Күллі этно-бірлестіктер «Астана – бейбітшілік пен келісім қаласы» атты халықаралық форумға белсенді қатыспақшы.

– Күні кеше барлығымыз Елбасы, пар-

тия Төрағасы Н ұ р с ұ л т а н

Назарбаев тың Қазақ-стан халқына Жолдауы ның куә сі болдық.

Президент Жолдауы тұңғыш рет «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесі отырысында жария етілді.

Бұл ел Президентінің «Нұр Отан» партиясына деген тегеурінді қолдауы мен терең сенімін білдіреді.

Біз Елбасының биылғы Жол дауын қазіргі геосаяси жағдай мен жаһандық қаржы-экономикалық дағ дарысқа қарсы ұсынылған стра тегиялық құжат деп қабылдауымыз қажет.

«Нұрлы Жол» жаңа эконо микалық Саясаты – осы құжаттың өзегі. Партия Төрағасы атап өтке ніндей, экономикамыздың қар қынды дамыған

– Елбасы ның Қазақ стан халқына Жол-дауы ел эконо микасын дамытудағы басым бағыттарды айқындап берді. Бұл елдік құжат «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламасымен үндес. Мемлекет бас-шысы кезекті Жолдауын аяқ астынан жария етуінде өзіндік мән бар. Президент өз сөзінде бүкіл әлем жаңа қатерлермен бетпе-бет келіп отырғанын, дүние жүзіндегі экономикалық дағдарыс елімізді де айналып өтпейтінін айтты. Сондықтан, жаһандық дағдарыс қиындықтарының алдын алып, нақты ша ралар қабылдау үшін осындай қадам жасалып отыр. Мемлекет басшысы кейбір позицияларды жедел түрде қайта қарап, алдыңғы кезеңдердің жоспарларына түзету енгізу үшін жедел іске кірісу қажеттігін ескертті. Бұл шаралардың барлығы шұғыл қолға алынып, келесі жылдың қаңтарынан бастап жүзеге асырылмақ. Мұны дер кезінде қабылданған дұрыс шешім деуге болады.

– Еліміздің ғана емес, батыстың сарапшылары да Елбасы Жолдауы әлеуметтік міндеттерге де, халықтың әлеуметтік жағдайына да, әлеуметтік құқыларына да кепілдік беріп отырғанын айтып жатыр. Мұндай кепілдікті дағдарыс кезеңінде әлі бірде-бір мем-лекет берген емес. Жолдау жүктеген тапсырмалардың ішінде қамтылмай қалғаны жоқ. Әсіресе, халықпен тікелей байла нысты салалардың барлығы да жік теліп, оларды дамытуға нақты мін-деттер атап көрсетілді. Мысалы, орта және шағын бизнесті 10 жылға бар-жоғы 6 пайызбен несиелеудің бұрын-соңды болмаған шарты жасалғанын білеміз. Ал шағын кәіпкерлікпен айна-лысатындардың дені – қарапайым ха-лық. Демек, қазақстандықтарға жаса-лып отырған мемлекет қолдауы – бұл. «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің отырысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағ дарламасы бекітілді. Бұл – кез келген қаржының сұрауы бар деген сөз.

кезеңінде іргесі ны ғайған Ұлттық қордың табысы алмағайып заманда ел игілігі үшін тиімді қолданылатын болады.

Бұл Жолдау астаналықтар үшін тек саяси жағынан ғана емес, эко номикалық тұрғыдан айрықша ма ңызды. Айбыны артқан Астана алдағы уақытта ішкі бірлік пен бекемдіктің темірқазығына айналып, елордалық жасампаздық пен даму рухы ел аймақтарына серпіліс береді деген сенімдемін.

Осындай ұлы мақсатқа қол жеткізіп, Президент Жолдауын орындау үшін баршамыз бір кісідей атсалысып қызмет жасауымыз қажет.

Келер жыл – Егемендігіміз еңсесін тіктеп, Тәуелсіздіктің тұғыры биіктеп, «Мәңгілік ел» болудың мәнді жолын айқындайтын жауапты кезең. Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы – қазақстандықтар үшін мерейлі меже.

Д а ғ д а р ы с қ а қарсы шара-лар дың барлығы ең алдымен қазақ-с т а н д ы қ т а р д ы ң әл-ау қатын жақсартуды көздейді. Айталық, Президент экономикалық өсім мен жұмыспен қамтуды қолдауға айрықша мән беріп отыр. Үкіметке Ұлттық қордан 500 миллиард теңге көлеміндегі қаржыны шағын және бизнесті несиелеуге, банк секторын сауықтыруға, жаңа инвестициялар тартып, көлік инфра құры лымын дамытуға жұмсауды тапсырды. Мемлекет басшысы тұрғындарды қол жетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге ерекше тоқталып, ипотекалық несиені ба-рынша төмен пайызбен беруді тапсырды. Міне, осының бәрі еліміздің кез келген қиындықтан сүрінбей өтуге жол салып, әр азаматтың ертеңге деген сенімін нығай-татыны анық.

Елбасымыздың кезекті Жолдауы – көреген саясатының көрінісі. Жолдауда экономикамызға кері әсер ететін жағдай-ларды байыптап, дағдарыстың алдын алуға бағытталған тапсырмалар берілді. Біз дің 2008 жылғы «дағдарысқа қарсы» тәжірибеміз төнген қауіпке қарсы әрекет ете алатынымызды дәлелдеді.

Жолдауда қарастырылған «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатта шағын және орта бизнесті дамытуға барынша күш салу керектігі айтылды. Шағын және орта бизнесті және ірі кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеуге қосымша 100 миллиард теңге бөлінетін болды. Мұнда, әрине, тамақ және химия өнеркәсібіндегі, машина жасаудағы, қызмет көрсетулер саласындағы жобаларды жүзеге асыруға, дамытуға жағдай жасалып отыр.

Бұл бағыттағы жұмыстар қарқын алып, кәсіпкерлікке ден қойғандар күн санап көбейіп келеді. Ағымдағы жылдың шілде айында шағын-орта бизнеспен айналысушы-

лар саны 211 600 адамды құра ды, бұл өткен жыл-мен салыстырғанда 32  000 адамға артқанын көрсетеді. Соң ғы тоғыз айда Кәсіпкерлер палатасында кәсібін ашқысы келгендерге бағыт-бағдар беру мақсатында 6577 қызмет көрсетілді.

Шағын және орта бизнес – мемлекеттің экономикалық қозғаушы күші. Сондықтан оның өріс алып, көкжиегінің кеңеюіне, жақсы нәтижелерге қол жеткізуге күш сала-мыз. Біз Астана қаласы әкімдігімен бірлесіп «Бизнестің даму картасын» жетілдіру үшін жұмыс жасап жатырмыз. Сонымен қатар, шағын және орта бизнес жүргізуге қолайлы ауқымды Индустриялды паркі салынып жа-тыр.

Жаңа экономикалық саясат еліміздің әлеуетін арттыруға тың серпін береді деп сенім білдіреміз. Бетті дайындаған:

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

Page 4: 130 (3187) 2014-11-15

4www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Қалалық Балалар мен жасөспірімдердің орталықтан-дырылған кітапханасында Б.Майлиннің туғанына 120 жыл толуына орай «Дәуір туғызған дарын» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.

«Қазақстан» орталық концерт за-лында ақын Ақұштап Бақтыгерееваның шығармашылық кеші өтеді. Басталуы: 19.00-де.

Оқушылар сарайында елордалықтар жазушы Сәбит Дүйсенбиевтің «Махаб-бат миниатюралары» атты туынды-сының театрландырылған концерттік бағдарламасын тамашалайды.

Астанада биылғы он айда бөлшек сауда тауар айналымының жалпы көлемі 492493,2 млн. теңге құрады.

(Басы 1-бетте)

Қай салаға болсын қосымша қаражат қажет. Мәселен, Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бағлан Сматаеваның айтуынша, бұл салада 1-4 сы-нып оқушыларын т амақтандыру, кейбір мектептердегі ескірген компьютерлердің орнына жаңасын сатып алу және бір неше білім беру мекемесіне күрделі жөндеу жұмысын жүргізу үшін қосымша қаржы керек екен.

Алдағы үш жылға жоспарланған шараларды жүзеге асыру үшін Жас-тар саясаты мәселелері жөніндегі басқармаға 1 819,5 млн теңге, соның ішінде 2015 жылға 707,2 млн теңге қажет. Осы жөнінде мәлімдеген аталмыш басқарманың басшысы Талғат Рахманберді келесі жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына, со нымен қатар, Ұлы Жеңістің 70 жыл дығы мен 2015 жылдың Қазақстан халқы ассамблеясының жылы деп жариялануына байла-нысты және Астана қаласының бейбітшілік пен келісім қаласы бо-лып аталуына орай жастардың ара-сында кең ауқымды идеологиялық іс-шаралар өткізілетінін айтты.

Ішкі са ясат басқармасына қосымша 40 млн теңге қажет бол-

са, қалалық Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының ал-дағы үш жылдық шығындарына 18 513,7 млн теңге, соның ішінде 2015 жылға – 5 879,8 млн теңге керек көрінеді. Басқарма бас шы-сының міндетін атқарушы Самат Қабдулин бұл ретте қаланың құрама командалары мүшелерін республи-калық, халықаралық жарыстарға дайындап қатыстыруға, республи-калық маңыздағы спорттық іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдерге спорттық білім беруге қосымша қаражат қа жеттігін алға тартты.

Халық қалаулылары да үнсіз қал мады. Депутат А.Күрішбаев кейбір студенттер үшін қоғамдық көліктердегі жол жүру ақысын төлеудің едәуір қиындық туғызып отырғанына алаң даушылық білдірді. Оның айтуын ша, ай сайын студент-тер университетке келіп-кетуге ғана шамамен 9-10 мың теңге жұм-сайды екен. Ал, Алматыда көп ба-лалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттер үшін жолақы билеттерінің құны арзан.

– Астанада небары 5 жоғары оқу орны бар. Өздеріңіз білесіздер, біздің Агротехникалық универси-тетте оқи тындардың көбі – ауыл дан келген ба лалар. Олардың жағдайы

керемет деп айта алмаймыз. Өйт-к ені, ауылда жұмыс жоқ. Соған байланысты әлеу меттік жағынан қорғалмаған отбасылардан шыққан осындай студенттер үшін айлық жолақы билетіне 50 пайыз жеңілдік қарастырылуын сұраймын. Бұл мәселе Астанада да оң шешімін табуы керек, – деді А.Күрішбаев.

Одан әрі депутат қала мектеп-теріндегі үш ауысымдық оқытудың жайын сұрады. Осыған орай, Г.Жүсіпова жаңадан ашылып жатқан мектептер санының жыл өткен са-йын арта түсуіне байланысты бүгінгі таңда біздің қалада бұл мәселе аса өзекті емес екенін ескертті. Депутат Б.Солсанов қаладағы №20 мек-теп оқушыларының үш ауысымда оқитынын, аталмыш білім беру мекемесінің ғимараты құлаудың аз-ақ алдында тұрғанын жеткізді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселеге орай баяндама жасаған қалалық Ту ризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы басшысының м і н д е т і н а т қ а р у ш ы С а м а т Қабдулин бас қалада Туризм бас-қармасын құру керек деген пікір білдірді. Мәслихаттың тұрақты комиссиясының мүшелері бұл ұсынысты бірауыздан мақұлдады.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

(Басы 1-бетте)

Пайдалануға берілген жаңа әс кери қалашықтың жалпы ау-мағы – 20 гектар. Құрылысы 2009 жылы басталған әскери қала шық-тың инфрақұрылымы жеке құ-рамның жауынгерлік шеберлігін жетілдіруге, жедел бригаданың жауынгерлік дайындығын шың-дауға, Астана қаласындағы қо-ғамдық қауіпсіздік пен құқық тәр-тібін сақтау жөніндегі күнделікті

Аталмыш кітапхана қыз-меткерлері мен Астана қа-ласы №55 орта мектеп және №54 мектеп-лицейінің оқу-шылары осы кешке асқан жа-уап кершілікпен дайын дал-ды. Жоғары сынып оқу шы-лары жазушы өмірінің түрлі кезеңдерін ба яндап қана қой май, прозасынан алынған үзінділерді мәнеріне келтіріп оқу арқылы қаламгер болмы-

сын жан-жақты ашуға тырыс-ты. Сондай-ақ, олар өздері жазған жыр шумақтарын да ортаға салды.

Кітапхананың ғылыми-оқу залында «Тарихи жанр ше-бері» атты кітап көрмесі де ор наластырылды. Ал, экраннан «Көшпенділер» фильмінің эпизодтары көрсетіліп тұрды.

Мәдина ЖАҚЫП

тап сырманы сапалы орындауға мүмкіндік береді.

Қалашықтың аумағында штаб ғимараты мен 3 казарма, 2 асхана, автокөлік паркі, түрлі залдары мен мультимедиялық атыс тирі бар спорт кешені, стадион, спорт және оқу ғимараты, мәдени-сауық орталығы, заманауи медициналық құ ра л дармен жабд ықта л ған 100 орындық лазарет бар.

Со н ы м е н қ атар, о ф и ц е р -лер мен келісімшарт бойынша

жұмыс істейтін отбасылы әскери қызметшілер үшін 104 пәтерлі тұрғын үй салынған.

ҚР Ұлттық ұлан бас қолбас-шы сының орынбасары Жандос Омарқұлов «Бұл қалашық әскери қызметшілерге жасалған үлкен қамқорлық деп білемін. Ұлттық Ұлан жеріміздің бүтіндігін сақтауға, елдің бірлігінің бекем болып, бейбіт өмір сүруін, тыныштығын қоруға әрқашан дайын» деді.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Page 5: 130 (3187) 2014-11-15

5www.astana-akshamy.kz

Бетт

і дай

ынд

аған

: Таң

атар

ТӨ

ЛЕУҒ

АЛИ

ЕВ. Д

ерек

көзд

ері:

www.

asta

na.k

z, ww

w.in

form

.kz,

baq.

kz

Ішкі істер департаменті мен Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен ұйым-дастырылған «Құқықтық тәртіпті сақтау студенттік жасағы» атты әлеуметтік жоба аясында белсенді жастар қоғамдық мәдениетті қалып-тастыруға өз үлестерін қосуда. Ағым дағы жылы жастар жаса ғының қатысуымен 96 әкімшілік құқық-бұзушылық анықталып, тиісті шара-лар қолданылған.

Астана қаласы Жастар саясатын қолдау мемлекеттік қорының ди-ректоры Бақытжан Жүнісбеков жас сақ шылардың қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысқандарын, жаңа қаланың гүлденіп, дамуына оң ықпал етуге ынталы екендерін ерекше

атап, алғыс хаттармен марапаттады және естелік сыйлыққа планшеттер табыстады.

Осындай марапатқа ие болған Қазақ гуманитарлық заң университетінің 2-курс студенті Артық Еламан: «Мұн-дай шаралар болашақта білікті маман болуымызға септігін тигізеді. Қала көшелерінде рейд жүргізіп, құқық бұзғандарды анықтадық. Солардың ішінде назарымызға іліккен мектеп жасындағы балалардың темекіге әуес болғаны бізді қынжылтты» дейді.

Салтанатты рәсімнен соң студент-тер эстрада жұлдыздары Ибрагим Ескендір мен Маржан Арапбаеваның орындауындағы әндерді тыңдады.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

2010 жылдан бастап үстіміздегі жылдың қазан айы-на дейін несие желісінің жалпы сомасы 67 744,2 млн теңге болатын 344 жобаның пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға шешім қабылданды. Сонымен қатар, несиелерді кепілдендіру бойынша бағдарламаға елу бір жоба қатысады. Олардың жалпы сомасы 2 414,8 млн теңге болып отыр.

Астана қаласы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бас-қармасының мәліметінше, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша өндірістік инфра-құрылымға жалпы құны 2533,85 млн теңгелік отыз бір жоба ұсынылды. Бұл қаржы республикалық бюджет есебінен бөлінді. Инфрақұрылымдық жобалар электр қуатымен қамту, жол жөндеу, сумен қамту, жобалау-сметалық құжаттар әзірлеу және мемлекеттік сараптама, тағы да басқа салаларды қамтиды.

Жалпы, Астанада жыл сайын шағын және орта бизнес нысандарының саны ұлғаяды. Мәселен, өткен айда Астанада 633 кәсіпорын мен ұйым өз жұмысын бастады. Алматы ауданында – 56,4%, Сарыарқа ау-данында – 25,4% және Есіл ауданында 18,2% бизнес субъектілері тіркелген.

1 желтоқсан – Қазақстан Рес пу-б ликасы Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орайластырылған іс-шара адамдардың бойында мейі рім ділік пен адамгершілікті арт тыруға, ба-лалар үйі мен интернатта тәрбиеле-нушілерге қайырым дылық таныту мақсатында ұйымдастырылды.

Акцияға қатысушы өздігінен қол-ғап тоқып немесе сатып алып, қа ла-уынша безендіріп, жоғарыда атал-ған балаларға сыйлыққа тартуы бұл жобаның негізгі идеясы болды.

Мұндай іс-шара балаларға көңіл бөлуге, мейірім сыйлауға және қа-йырымдылық іске шынайы ықылас танытуға үндейді.

Кеш соңында Оқушылар сарайы-ның тәрбиеленушілері балаларға арнап шағын концерт қойды.

Ж.СӘТҰЛЫ

Форумның ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қазақстан халқы ассамблея-сы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов татулық пен тағаттылық, тәр бие бастауларын талқыға салатын, тәжірибе алмасатын пікірталас алаңы Ел-басы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауының жариялануына сәтті орайласқанын атап өтті.

– Баршаңызға мәлім, бізде таяуда «Ме-диация туралы» заң қабылданды. Бірақ, менің ойымша, нағыз медиатор, яғни, мә мілегер – салиқалы ұрпақтың тәр бие-шісі саналатын аналар, - деп өз пайымын біл діре кеткен Ералы Лұқпанұлы Елбасы Жол дауынан оған дәйексөз де келтірді.

– «Тұрақтылық пен келісім дегеніміз не? Ол – отбасылық әл-ауқат, қауіпсіздік, баспана. Бейбітшілік – ол әке мен ана қуанышы, ата-аналар денсаулығы және біздің балаларымыздың бақыты. Бейбіт-шілік – ол тұрақты жұмыс, жалақы және ертеңгі күнге деген сенім. Бейбітшілік пен тұрақтылық – күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпы-халықтық жетістік. Мен жастар – біздің болашағымыздың тірегі дегенді әркез айтып келемін» дей отырып, Елбасы

ауызбіршілікте болудың қарапайым қа-ғи даттарын қазақстандықтарға жеткізе білді. Ал, Қазақстан халқы ассамблеясы – осы құндылықтар сіңірілетін үлкен тату отбасы деді ол.

Форум барысында білгеніміздей, ана-лар кеңесінің оңды тәжірибесі жайында мысал көп. Мысалы, шығыс қазақстандық әйелдер халық қолөнерін жаңғыртып жатыр. Қостанай облысында іскер отаға-сылардың клубы тәртібі нашар жасөс -пірімдерді қамқорлығына алыпты. Ал, Талдықорғанда аналар кеңесінің бел сенді жұмысының арқасында бірталай отбасы ажырасудан аман қалыпты.

Керегесінің қиюы мен жүгінің жиюы тиянақты, яғни, үйелмен үйлесімі сақ-

талған тату отбасы тақсірет тартпайты-нын түйіндеген форумда ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі кеңестің мүшесі, репродуктор-дәрігер Салтанат Байқошқарова, Парламент мәжілісінің депутаты Егорь Каппель, Оңтүстік Қазақстан облысының әйелдер кеңесінің төрағасы Гауһар Төлеповалар сөз сөйлеп, аналардың денсаулық жағдайы, әйелдер құқығын қорғау, салт-дәстүр мен тілді, мәдениетті сақтау сияқты мәселелер бо-йынша мәйекте ойларын ортаға салды. Форумның алғашқы күнінің нәтижесінде қатыс у шыл ар Елбасы Нұ рс ұлтан Назарбаевтың атына үндеу жолдады.

Әділ АЛАШ

Конференцияға «Нұр Отан» партиясы Аcтана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сапар Ахметов, Алматы ауданының әкімі Бекбол Сағын, қалалық мәслихат депутаты, «Нұр Отан» партиясы Ал-маты аудандық филиалының төрағасы Абай Байгенжин және бастауыш партия ұйымдарының өкілдері қатысты.

Конференцияның күн тәртібінде – саяси кеңес және саяси кеңес бюросының Алматы аудандық филиалының 2013-2014 жылдардағы жұмысы, партияның Ал-маты аудандық филиалы саяси кеңесін тағайындау,

«Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының есептік-сайлау конференциясына өкілдерін тағайындау, партияның Алматы аудандық филиалы саяси кеңес отырысын ұйымдастыру (партияның Алматы аудандық филиалы саяси кеңес бюросының мүшелерін тағайындау) мәселелері қаралды.

Жиында «Нұр Отан» партиясы Алматы аудандық филиалының 2013-2014 жылдар аралығында атқарылған жұмыстары бойынша саяси кеңес пен саяси кеңес бюросының есебі тыңдалды. Сондай-ақ, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша «Нұр Отан» партиясы Алматы ауданы филиалының саяси кеңесіне жиырма тоғыз адам, саяси кеңес бюросына тоғыз адам сайланды. Есептік-сайлау конференциясының мүшелері анықталды.

Сағи ОРАЛ

Page 6: 130 (3187) 2014-11-15

6www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Толайым табыстарымыздын сенiмдi кiлтi

Екіншіден, аталмыш құжат қызметі бүкілхалықтық сипатқа айналған «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесі отырысында арнайы таныстырыл-ды. Бұл Үндеудің Ұлттық валюта күні қарсаңында жолдануы да өзгеше бір әсер қалдырды. Меніңше, мұның бәрі әсте кездейсоқ емес. Бүгінде бүкіл әлем жаңа сынақтармен және қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Бұл тұрғысында биылғы Жолдауда былай делінген: «Әлемдік экономика әлі де жаһандық қаржылық-экономикалық дағдарыс салдарынан айыға қойған жоқ. Қазақстан әлемдік экономиканың бір бөлшегі ретінде әрі геосаяси қысымның эпицентріне тікелей жақын орналасқан ел болғандықтан осы-нау үдерістердің теріс әсерлерін сезінбей қоймайды».

Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк тарапынан 2014 және одан кейінгі екі жыл бойында әлемдік экономиканың дамуында бол-жам төмендеу жағына қарай қайта қаралғаны белгілі. Сондықтан, Жолдауда айтылғандай, бізде ырғалып-жырғалуға уақыт жоқ. Біз теріс үрдістердің алдын алу үшін барлық ықтимал шараларды жедел қабылдауға тиіспіз. Осы ретте Президент Қазақстанның «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты туралы ресми жариялағанын және мұны іске асыруда еліміздің қаржылық жүйесінің

ықпалы мол болатынын ерекше атап өткен жөн.

Реті келгенде айта кету керек, кезінде түрлі саяси ойыншылардың сыни пікірлеріне қарамастан, біз с ы р т қ ы н а р ы қ т а р д а ғ ы ж а ғ д а й оңтайлылығымен ерекшеленіп, мұнай мен біздің экспорттық өнімдерімізге баға айтарлықтай жоғары деңгейде болған жылдары шикізат экспортынан түскен табыстарды Ұлттық қорға бағыттап келдік. Бұл жөнінде биылғы Жолдау-да да айтылады: «Осы жылдардың бәрінде шикізат өндіру мен одан түскен табыстарды біз осы Қорға салып келдік. 10 миллиард долларды біз 2007-2009 жылдардағы дағдарысқа қарсы күреске бағыттадық. Қалған ақшаны ішіп-жеп және жұмсап қойған жоқпыз, сақтадық және көбейттік. Қазір біз осы резервтерді пайдалануға тиіс болатын кезең туындап келеді. Бұл қаржы қиын уақыттарды еңсеріп, экономикамыздың өсімін ынталандыруға көмектесетін бола-ды». Иә, қарап отырсақ, өзіміздің қаржымыздың болғаны бізді неғұрлым сенімді де батыл сезінуге мүмкіндік беріп отыр. Былайша айтқанда,Ұлттық теңгемізді енгізудің арқасында нарықтық сипаттағы эконо-микамызды орнықтырып келеміз.

Әрине, мұның бәрі бізге оңайға соққан жоқ. Осы ретте өткен ғасырдың 90-ыншы жылдарының басындағы мемлекеттің өміріндегі ең ауыр сындар-лы кезеңге бір сәт көз жүгіртіп көрсек. Ол кез қуатты Кеңес Одағы құлап, біз шын мағынасында ұлы империяның үйіндісінің астында қалған жағдайда едік. Кәсіпорындар тоқтап, мыңдаған адамдардың көшеде қалуы, бос сөрелер, шеті мен шегі жоқ кезек, ақшаның

құнсыздана түсуі, инфляцияның жы-лына мыңдаған пайыздарға жетуі сол бір кездердің үйреншікті құбылысы болатын. Жаппай жетіспеушілік. Тіпті, кір сабынның өзі халыққа талонмен берілгені әлі есте. Жұрттың көбі дүкендер сөрелерінде бағасы ұшып тұрса да, тауар болса екен деп армандағанын да ұмыта қойған жоқпыз. Менің бір танысымның көптеген кәсіпорындар тоқтап тұрған сол кезде: «Көшеге шыққанда шіркін зауыт мұржасынан түтін шықса екен деп тілеймін. Адамдар еңбекақысын, қарттар зейнетақысын алар еді, халықтың тұрмысы түзелер еді» дегені бар.

Ресейдің Қазақстанмен және өзге әріптестерімен алдын ала келіспестен ақшаның құнын ырықтандырып

жіберуі хал-ахуалдың одан әрі шиеленісуіне әкеліп соқты. Сол тұста ғой, көптеген белгілі саясаткерлердің Қазақстанның жеке мемлекет ретінде қалыптасатынына зор күмәнмен қарайтындары. Мәселен, Кеңес Одағының тұңғыш және соңғы президенті Михаил Горбачев өзінің ме-муарында Қазақстан оған еш басқаруға көнбейтін аймақ тәрізді көрінгенін ашық мойындайды. Осы тәріздес пікірдің атақты АҚШ саясаткері Збиг-нев Бжезинскийдің тарапынан да айтылғаны белгілі.

Міне, осындай күрделі жағдайда төл мемлекетімізге барлығын жаңадан бас-тау керек болды. Сол жаңалықтардың бірегейі тәуелсіз мемлекетіміздің дербес ұлттық валютасын айналымға енгізгеніміз дер едім. Мұның өзі сайып келгенде жеке дара саясат жүргізуге, тиімді экономика жүйесін орнықтыруға бағытталған құрылымдық өзгерістерді тездетуге мүмкіндік берді.

Енді, міне, биыл шынайы эко-номикалық тәуелсіздік пен табысты қаржы реформасының символы ретіндегі төл теңгемізге 21 жыл то-лып отыр. Осы жылдардың бедерінде республиканың қаржы-несие және экономикалық саясатының жеке дара дамуының шешуші факторы бола білген қазақстандық ақша бірлігі халықаралық деңгейде де толық мойындалып үлгерді. Шетелдік сарапшылар теңгені ТМД және Орталық Азия кеңістігінде ең сенімді және ең тұрақты валюта ретінде бағалайды. Жалпы, теңге бүгінгі күні еркін әлемдік валюта ретінде айналымда болмаса да, ол ұлттық валюта есебінде толықтай қалыптасты. Ең бас тысы, теңгенің қазақтардың ұлттық сана-сезіміне оң әсері болғанын, жүректеріне қуаныш ұялатқанын ерекше атап өткен жөн.

Қазір өткен жылдар белесінен көз жүгіртсек, өзіміздің төл теңгемізді айналымға шығару туралы шешімнің экономикамыздың дамуының жаңа бір сатысына көтерілуіне ықпал ет-кен бірегей тарихи шешім болғанын әрі оның дер кезінде қабылданғанын анық аңғарамыз. Ал, әуел баста жағдай

өте ауыр болатын. Әлгіде айтқандай, рубль аймағынан шығуға мәжбүр болғандықтан жаңа валютаны дайындау-ды әрі оны тездетіп айналымға енгізуді Нұрсұлтан Назарбаев бастаған арнайы комиссия қолға алды. Кейін мемлекет басшысы өз естеліктерінде жазғандай: «Мемлекетті өзінің валютасыз құру мүмкін емес еді. Сондықтан, ерте ме, кеш пе оны енгізу қажет болатын. Валюта – барлық экономиканың күретамыры іспетті».

Осыларды ескере отырып Қазақстан Республикасы Президенті өзінің ең

алғашқы шешімі ретінде ұлттық валю-таны енгізуге дайындалу туралы өте құпия түрдегі жарлық шығаруды жөн деп тапты. Осыған орай, суретшілерге ұлттық валютаның көрнекті дизайнын дайындау жөнінде нақты тапсырма-лар берілді. Мұның сыртында ұлттық валютаға лайықты атау табу керек болды. Нұрсұлтан Назарбаев «теңге» деген атауды лайық көрді. Ол негізсіз емес еді. Орта ғасырда қазақтың сайын даласын-да «тамға» атауымен ақша бірліктері қолданылған болатын. Мысалы, көне Қазақ жерінде VII және VIII ғасырларда Сырдария мен Отырар алқабында түркілер, ал Жетісуда түргештер өздерінің ақшаларын айналымға шығарып отырды. Отырарда арнайы монета сарайы жұмыс жасап тұрды. XIV ғасырдың соңынан бастап Әмір Темірдің ақшалары айналымға енгізілді.

С о н ы м е н , к о м и с с и я т ү р л і жағдаяттарды зерттей отырып жаңа валютаны кенет әрі жедел түрде енгізуді ұйғарды. Сайып келгенде бұл ұйымдық, саяси және экономикалық тұрғыдан алғанда аса кең көлемді опе-рация болды. Тек осыдан кейін ғана барып саяси мәлімдеме жасаудың сәті түсті. 1993 жылғы 12 қарашадағы ҚР Президенті Жарлығына орай Қазақстан Республикасының түгел аумағында 1993 жылғы 15 қарашадан жергілікті уақыт бойынша 8.00 сағаттан бастап Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге толық айналымға енді. Бұл күн, сөйтіп, ұлттық валютаның туған күні ретінде ресми қабылданды және төл теңгеміз Елтаңба, Ту, Әнұран сияқты мемлекетіміздің басты белгілерінің біріне айналды.

Осылайша, 1993 жылы айналымға 1 теңгеден бастап 100 теңгеге дейін ақшалар шығарыла бастады. Олардың беттеріне тиісінше ғұлама ғалым Әбу На-сыр әл-Фараби, халық ақыны Сүйінбай, күйші Құрманғазы, этнограф Шоқан Уәлиханов, ағартушы Абай Құнанбаев, қазақтың көрнекті хандары Әбілқайыр мен Абылай орналастырылды.

1994 жылы айналымға 200 және 500 теңгелік ақшалар енгізілді. 1995 жылғы 14 ақпаннан бастап мың теңгелік ақшалар айналымға түсе бастады. Соңын ала теңгенің жаңа экономикалық мазмұнымен қатар бірнеше рет оның сырт бет-бейнесі де өзгерістерге ұшырады. Осы жылы Қазақстанда банк-нот фабрикасы да іске қосылды. 1996 жылы екі мың теңгелік ақша шығарылса, 1998 жылы бес мың теңге, ал 2003 жылы қазіргі ең жоғары сома – 10 мың теңге айналымға енгізілді.

Алғашқы айларда жаңа валюта тұрақсыздыққа ұшырағанымен, тарихи тұрғыдан алғанда теңгені енгізу қоғамға

саяси-экономикалық қалыптылықты орнықтырған маңызды жетістік болды. Стратегиялық жағынан Қазақстанның дербестігі мен тәуелсіздігін нығайтуда бұл нағыз батыл қадам еді. Бір сөзбен айтқанда, қазір теңге толыққанды және дағдарысқа төтеп беруші ақша бірлігі ретінде барынша қалыптасып отыр. Сондықтан, небір қиындықтарды

еңсере отырып ұлттық экономикамызды қарыштап дамытуға, сөйтіп, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының басты мақсаты – әлемнің алдыңғы қатарлы 30 елінің құрамына енуге төл теңгеміздің ықпалы мол болады десек, қателесе қоймаймыз.

Сонымен бірге, мына бір жайды да есте ұстаған жөн. Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Біздің ең басты байлығымыз – Ел бірлігі болуы керек. Өйткені, Ел бірлігі – біздің барша табыстарымыздың кілті.

Page 7: 130 (3187) 2014-11-15

7www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

– Атым – Бибігүл. Ата-анам – Ақмола облысына қарасты Қойтас ауылында тұрады. Екеуі де зейнеткер әрі Семей полигонының зардабын тартқан азаматтар. Өткенде анам тісіне протез салмақшы болып, тіс ем-ханасына барды. Ондағылар қомақты ақша алғанымен, протезді дұрыс орнатып берген жоқ. Білейін дегенім, анама протез салу жағынан қандай да бір жеңілдіктер бар ма?

– Бибігүл, қарт анаңыз бен әкеңізге қамқорлық танытып, олар үшін шырыл-дап жүргеніңіз құптарлық. Мәселеңізге келсек, елімізде Қазақстан Республикасы тұрғындарының жекелеген санаттарына жататын тұлғаларды медициналық көмекпен қамтамасыз етуде бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Бұл жөнінде министрліктің арнайы бұйрығы да бар. Онда қарттығына байланысты зейнетке шыққан азаматтарға тiс, жақ сүйегi, бет және көз (алтыннан протез жасаудан басқасы) тегiн протезделетіні айтылған. Демек, сіздің анаңыз да медициналық қызметтің бұл түрін тегін ала алады. Ол үшін анаңыз тұрғылықты жеріндегі протез салумен айналысатын мекемеге барып, кезекке тұруы керек. Біздің тікелей желі Астана қаласындағы медицина мәселелеріне арналған. Де-генмен де сіздің мәселеңізге байланысты Ақмола облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысына хабарласып, анаңыз туралы мәліметтерді жеткізетін боламыз. Біз де мәселеңіздің аяқсыз қалмауын «Нұр Отан» желісі арқылы бақылайтынымызды айтқым келеді.

– Менің аты-жөнім – Айнұр Рахманқұлова. Сіздерге баламның денсаулығына байланысты хабар-ласып тұрмын. Адият атты ұлым қазір 4 жаста. Бірақ әлі күнге сөйлемейді. Өзіміз қаланың №6 емханасына қараламыз. Баламды «Моторная алалия» деген диагноз-бен «Республикалық балаларды оңалту орталығы» АҚ-на кезекке қойған еді. Бірақ, кезегіміз жетер емес. Уақыт зулап өтіп барады. Осы мәселенің тезірек шешілуіне қол ұшын берсеңіздер екен?

– Сал аурумен, орталық жүйке жүйесі зақымданған балаларды оңалтуға арналған емдеу мекемелері Астана қаласының өзінде жоқ. Сол себепті,

мұндай диагноз қойылған елордалық өрендер «Республикалық балаларды оңалту орталығы» АҚ-ға жіберіледі. Бүгінде осы орталықта ем қабылдауға Астана қаласынан 738 бала кезекте тұр. Осы орайда бас қалаға айына бөлінетін квота саны – 25. Демек, жылы-на тек 300 бала ғана Оңалту орталығына жолдама ала алады. Бірақ қалалық Денсаулық сақтау басқармасы қамсыз отырған жоқ. Оңалту шараларына мұқтаж балалар дың жағдайын ескере отырып, жекеменшік мекемелермен меморандумдарға қол қойды. Биылғы сәуір айынан бері сырқат балаларды оңалтуға «Қасиетті жол» атты емдеу мекемесі де айналыса бастады. Бүгінгі таңда 150 бала оңалту шараларынан өтті. Біз сіздің балаңыз тіркеуде тұрған №6 емханаға хабарласып, алдымен ке-зекке қашан тұрғаныңызды, енді қанша күту керектігін анықтап алайық. Егер кезегіңіз жетуге әлі ұзақ болса, онда осы «Қасиетті жол» арқылы көмектесетін боламыз.

– Мен сіздерге «Оңтүстік-шығыс» шағын ауданынан хабар-ласып тұрмын. Аты-жөнім – Сақыш

Нұртазина. Жасым – 67-де. Мен-де көптен бері «артериялық ги-пертензиямен» ауырамын. Бұрын ауруханаларға жатып, ем қабылдап жүруші едім, биыл оның сәті келмей қойды. «Жедел жәрдем» шақырсаң, қан қысымымды түсіріп кетеді де ауруханаға апармайды. Қысым құрғыр ойнамалы. Ауруханаға бір жатып, емделіп шықсам деп едім....

– Әрине, әр адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарағаны өте дұрыс. Мұндай азаматтарға біз де қолдау білдіруге әзірміз. Сіз Абылай хан даңғылында орналасқан «Ұлттық ғылыми медициналық орталыққа» келіңіз. Сізді қабылдауға әзірміз.

– Иә, иә, білемін. Мен онда бір рет ем қабылдап шыққанмын.

– Ұнады ма?– Ұнағанда қандай?!– Ендеше, ертең сізді күтеміз. Мен

сол медициналық орталықтың бас-шысымын. Қолымнан келгенше сізге көмектесуге тырысайын.

– Рахмет сізге, міндетті түрде келемін.

– Қоғамдық қабылдау ма?– Иә, тыңдап тұрмыз сізді. Алдымен

өзіңізді таныстырып өтсеңіз.– Атым – Гүлмира. Фамилиям –

Дәулетиярова. Менің аяғым ауыр. Жүктілік мерзімі – 26-27 апта. Өзім қазір «Ана мен бала ғылыми орталығында» қаралып жүрмін. Алғашқы жүктілігім болған соң ба босану мәселесіне қатты алаңдаймын. Мұнда босандыру ақылы екен. Тегін босандыратын бөлімше де бар екенін естідім. Оған кімдер барады, мен де сонда тегін босансам бола ма?

– Гүлмира, сіз неге Астана қаласының тұрғыны ретінде қалаға қарасты пер-зентханаларда босанғыңыз келмейді?! Бұл мекемелердің материалдық-техникалық жабдықталуы ешкімнен кем емес. Ғимараты да, құрал-жабдықтары да заман талабына сай келеді. Күнделікті талай сәбидің кіндігін кесетін дәрігерлер

де тәжірибелі. Сіздің алаңдауыңыз орынды. Бірақ, жүкті әйел алғашқы 12 аптаның ішінде өзі қарайтын емханаға есепке тұруы керек. Акушер-гинеколог-тар әйелді уақтылы тексеруден өткізіп, егер жүктіліктен қандай да бір ауытқу тапса, онда қаладағы перинаталдық орталықтарға жібереді. Мұндағы әр орталықта консультативтік бөлімше бар. Олар жүкті әйелді қарап, қандай да күрделі асқынуларды көрсе, «Ана мен бала ғылыми орталығына» жібереді. Ал жүктілік қалыпты жағдайда өтсе, онда оған жолдама берілмейді. Егер әйел қалалық перзентханаларда босанудан бас тартып, республикалық орталыққа өз еркімен барса, онда босандыру ақылы негізде жүргізілетінін ескерткіміз келеді. Жалпы, жүкті әйел тұрғылықты мекен-жайы бойынша өзі қарайтын емханаға тіркелгені дұрыс. Себебі, босанғаннан кейін нәресте туралы ақпарат емханаға келіп түседі де алғашқы үш күннің ішінде учаскелік педиатр немесе медбике сәбиді барып қарайды. Содан кейін алғашқы 14 күнде, 30 күнде бір келіп, нәрестенің денсаулығын бақылауға алады. Сондықтан, Гүлмира, болашақ сәбиіңіз үшін ойланатын шығарсыз деп үміттенеміз.

– Біз бұрыннан №2 емханаға қаралатын едік. Енді бізді №3 емханаға ауыстырып жатыр. Бұрынғы емхананың дәрігерлеріне әбден бауыр басып қалыппыз. Ауыс-пай қойсақ бола ма?

– Сіздің аты-жөніңіз кім?– Гоева Татьяна Гордиевна.

– Татьяна Гордиевна, Астананың №2 қалалық емханасының жүктемесі тым көп. Сондықтан соған қарасты кейбір аумақтарды №3 емханаға ауыстырдық. 2011 жылы қалалық емханалардың жүктемесі қалыптағыдан 2,5 есе көп бо-латын. Кейін жаңа емдеу мекемелерінің іске қосылуына байланысты бұл көрсеткіш едәуір қысқарып, 1,2 есеге түсті. Енді Керей-Жәнібек хандар көшесінің бойында 500 адам қабылдай алатын амбулаторлық-емхана, Ильинка тұрғын алабында және Х.Досмұхамедұлы көшесінде ауысымына 150 адам қабылдайтын жаңа медициналық ме-кеме ашылады деп күтілуде. Осы меке-мелер пайдалануға берілсе, норматив-ке едәуір жақындайтын боламыз. Ал сіздің жағдайыңызға келсек, Үкіметтің қаулысына сәйкес, әр азамат қалаған емханасын таңдауға құқысы бар. Бірақ сіз тұратын аумақ емхананың қызмет көрсететін аясынан тыс орналасса, онда сіз дәрігерді үйге шақырту сын-ды қызметтерді пайдалана алмайсыз. Егер мұндай қызметтерді қажет деп таппасаңыз, онда қалаған емхананың бас дәрігерімен осы жөнінде келісімшарт жасасып, тіркелуіңізге болады.

– Біз №1 қалалық емханаға қарайтын едік. Соңғы кезде осы емханаға жабылады деген сөзді естідік. Бұл қаншалықты рас?

– №1 емхана – қаланың байырғы емдеу мекемелерінің бірі. Ғимараты да шағын. Сондықтан біз №1 емхананы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік

негізінде қайта жаңғыртуды жөн деп таптық. Осыған қажетті құжаттар түгел дайын тұр. Әріптестік ниет білдіргендер табылса, емхана қайта жөндеуден өтіп, кеңейтілетін болады. Әрине, бүкіл бір емхананы өзгерту Астанаға оңай соқпайды. Бірақ тұрғындардың игілігі үшін әрі емхананы заманға лайықтау үшін сондай қадамға барып отыр-мыз. Бірақ, бұл – емхана жабылады деген сөз емес. Медициналық мекеменің территориялық аумағы да, дәрігерлері де, басқасы да сол қалпында сақталады.

«Нұр Отан» партиясы ұйымдастырған «Тікелей ж е л і г е » х а л ы қ т ы ң

белсенділігі жоғары болып, екі сағат мерзім ішінде 20-дан астам сауал келіп түсті. Олардың ішінде жәрдемақы, зейнетақы мәселелеріне қатысты сауалдар да, ғимарат іздеп, жұмыс сұрағандар да көп болды. Медициналық тақырыпқа қатысты болмаса да бірде-бір сұрақ жау-апсыз қалмады. «Нұр Отан» пар-тиясы жұртшылықты алаңдатқан мәселелердің оң шешілуін бақылауда ұстайтын болады.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

Page 8: 130 (3187) 2014-11-15

8www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Бабалар салған сара жолмен дін мен дәстүрдің үндестігін жеткізуді мақсат еткен Діни басқарма атқарған шаралар ауқымы бас мүфти сұхбатында айтылды. Ел естіді. Көз көрді.

А й т у л ы ж ы л а я с ы н д а а л ғ а қойылған істердің маңызды да салмақтысы – діни алауыздықты

болдырмау, жат ағымдармен күрес, жастарға дұрыс насихат жүргізу. Осы орайда Діни басқарманың шариғат және пәтуа бөлімі бүгінде біршама іргелі істерді атқаруда. Соның бір парасы – бүгінде нәзік те күрделі тақырыпқа айналған « Ж и һ а д » , « Х и ж р е т » ж ә н е «Тәкпіршілдік» турасында байлам-

ды сөз айтып, арнайы жарияланған пәтуалары.

Ел ертеңіне бейжай қарамайтын қазақ қоғамында осы пәтуалар төңірегінде біршама ой-пікірлер туып, бірқатар қоғам қайраткерлері, халық қалаулылары, дінтанушылар өз ойларын ортаға салған еді.

–Тәкпір, хижрат, жиһад ұғымдары мен осы ерекшеліктерге ие ұйымдарға қатысты ҚМДБ-ның пәтуасы орынды әрі өз уақытында жасалған шара болып саналады. Өйткені, «әт-Тәкфир уәл-Хижра» ұйымының әрекеттері мен сенімдері ақиқат исламнан алшақтағандығы барша мұсылман әлеміне аян.

Бұл ұйымның пайда болуы ислам тарихында тым әріден басталады. Сонау Мұхаммед пайғамбардан кейінгі төрт халифтың кезеңінде пайда бола бастаған. Ол кезде бұл топ «Хау-ариж» деп аталған. Мұның себебі, үлкен күнә жасаған мұсылмандарды күпірлікке түстеді, кәпір болады, тәубасы қабылданбайды деген сенімді негізге алуы болатын. Соңғы екі халиф Әз. Осман мен Әз. Әлидің өліміне себеп болған топ, сол алғашқы ислам дініндегі қайшылықтардың туындауына, Әз. Айша мен Әз. Әли әскерлерінің қақтығысуына әкеліп, сол кездің өзінде мыңдаған мұсылмандарды өліміне себеп болған «Жәмәл» оқиғасында арандатушылық тудырушы топ ретінде танылған. Кейін бұл топтың қайта жаңғыруын 1965-1967 жылда-ры Мысырда болған жағдайлармен бай-ланыстырады. Оның негізін Мұстафа Шүкіри деген адам қалаған. Оның ұраны: «Кім бізбен емес, сол адам – біздің жауымыз». Осы жағынан да, тәкпіршілер «харижиттердің» жалғасы іспетті екенін аңғаруға болады.

Мұстафа Шүкіридің ұлттық құндылықтарға және зайырлылық принциптерге қарсы бағытталған иде-ялары сол кездегі түрмеге түсіп, белгілі

қысымға ұшыраған студент жастар арасынан қолдау тауып, таралған болатын. Сол кезде олар өздерін «Жамаатул-мүслимун» деп атаған. Өздеріне қысым көрсеткен Мысыр басшысын, оны қолдаушыларды, тіпті, оны кәпір деп айтпағандар да кәпір деген ұстанымда болып, қарсы күрескен. Ағымның атауындағы «такфир» сөзімен бірге «хижра» сөзінің қолданылуы тегін емес. Хижра - алғашқы мұсылмандардың Мекке-ден Мәдинәға көшіне байланысты қолданылған ұғым. Ал тәкпіршілер оны нағыз мұсылман кәпір қоғамнан мұсылман ортаға көшу керек деп түсіндіреді.

Діни басқарма тарапынан «Мекке алынғаннан кейін хижрат жасау жоқ» деген хадисті негізге алуы, яғни елде қандай да бір діни міндетті орындауға қысым жасалмаған жағдайда және ислам өлкесі болып саналса ешқандай хижрат қажеттіліг ін ің жоқ екендігіне толық дәйек бола алады. Сондықтан, бұл хижрат түсінігінің астарында ел ішінде іріткі салу, мұсылман жамағатын билікке қарсы қоюға талпыныс сияқты жаман пиғылдар жатқанын көру қиын емес. Мұны ел президенті Н.Назарбаев «Қазақстан 2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында: «Қазақстандағы экстремизм мен терроризмде идеялық емес, қылмыстық негіз бар. Жалған діни көпірмеліктің артында қоғамның негізін күл-талқан еткісі келетін қылмыстық іс-әрекет жасырынып жатыр. Бұл – біздің еліміздегі бейбітшілік

пен тұрақтылыққа шабуыл. Бұл – біздің мемлекеттігіміз бен азаматық кемелдігіміздің мықтылығының сынға түсуі» деп атап көрсетеді.

Мұндай теріс түсініктегі топтар мен олардың жақтастары отбасылық қайшылықтарды былай қойғанда, ел ішінде іріткі тудырып, Қазақстан билігін «Тағут мемлекеті» са-нап, билікке қарсы жиһад жасауға, тыныштықты бұзуға, азамат-тарды адастырып, шет елге кетуге итермелейді. Сонымен бірге, балаларын зайырлы білім алуға жібермей, қараңғы ұрпақ тәрбиелеуге талпынады. Тіпті, теледидар көру, мерзімді басылымдар оқу сияқты дүниелерді күнә санап, қоғамнан жырақтану үрдісін қолдайды. Олардың жақтастары көбінесе «шай-тан» мемлекетіне қызмет етуге болмайды деп санап, мемлекеттік мекемелерде қызмет атқармайды. Көбінесе сауда-саттықпен, жеке кәсіпкерлікпен айналысады. Бізде де осы үрдіс байқалып отыр. Егер осы сипаттағы үрдістің алдын алуға күш салмасақ, болашақта үлкен қақтығыстарға итермелейтіндігіне дау жоқ.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бұл пәтуалары уақтылы шығарылған шешім деп ойлаймын. Біз жетпіс жыл бойына дінге қыспақ көрсетілген заманды басынан өткерген халықпыз ғой.

Атеизм құрсауынан аман-есен шыққан халқымыз әлі де болса шариғаттың негізгі қағидаларын жете түсіне қоймауы мүмкін. Ол заңды да. Жастарымыздың да жат ағым жетегінде кетіп жатқанының бір себебі – ата-ананың дұрыс бағыт көрсете білмеуінде, діни сауаттылықтың болмауында. Өзінің діни сауаты, орнықты көзқарасы қалыптаспаған жас буын баба жолынан тайып кетіп жатқаны да жасырын емес.

Осының салдарынан шариғатта болмаған деп, ата-бабасының зираттарына тіл тигізіп қана емес, оларды қирату, ислам шариғатын салтына сіңіріп, дәстүріне айналдыра білген халқының таным-түсінігі мен жөн-жоралғыларына қарсы шығу секілді әрекеттер орын алып жатқанын құлақ естіп, көз көріп жүр.

Өздеріңізге белгілі, дінде – зорлық жоқ. Пайғамбар өсиеті де осыны айтады. Әр адам өз сана-сезімі толысып, жетілген, ой тоқтатқан уақытта құбылыға бет бұрады. Ешкімді қандай да бір сөзбен күстаналау, айыптау – өте үлкен қателік. Әлбетте, дін насихатын тоқтатпау керек, жүргізу керек, бұл бағытта Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы толымды тірліктер атқаруда. Ислам дінін желеу еткен ағымдардың алдын алу мақсатында уахаббизм, тәкфиризм секілді қауіпті топтарға тойтарыс беру үшін арнайы пәтуалар шығарып отыр. Бұл біздің бағытымыздың айқын екендігін көрсетеді.

Ұлтты сақтайтын үш нәрсе бар: ол тілі, діні және әдет-ғұрпы. Дербес ел болып, етек-жеңімізді жиғанымызға жиырма жыл енді толған еліміз бүгінде өз дәстүрлі дінімен қауышып келеді.

Кейінгі уақытта кейбір мұсылмандар жүректеріне күмән салатын адамдарға жиі жолығып қалуда. Олар – «тәкпіршілдер» деп аталатын ағым өкілдері. Олар өздерінің жалған сенімдерімен көптеген мұсылмандарды сенім мен күпірлік, бірқұдайлық пен серік қосу мәселелерінде адастырып, өзге мұсылмандарды айыптауда.

Бұл – жастар мен сауаты аз жандарды қызықтыратын әрі өзге де бүліктер секілді өткенді жоқ қылып, жарқын болашақ уәде ететін әдеттегі бүлік екені даусыз. Қазіргі таңдағы жағдайға келер болсақ, жікшілдік саясаты мен соғыс жариялау, біреудің мүлкін тартып алу немесе қол сұғу – мұның барлығы жымысқы саясат не болмаса надандық, алдыңғы шепте болуға талас, арам жолмен пайда табу.

Қазақстан азаматтарының сырт елге, өзге жерге жиһад жариялап, жаңсақ кетуіне әсте болмайды. Әркім өз еліне, туған жеріне, халқына адал еңбек етуі міндетті. Адам баласы бақытты бұлай іздемейді. Бақытты Отанына, халқына қалтқысыз қызмет қылып, туған-туыстарына жақсылық жасаумен ғана табады.

Жақында бас мүфти бекіткен бағыттардың маңыздысы – спорт сай-ысы өтті бас қалада. Елордамыздағы мешіттердің сауат ашу курстарына

қатысушы жастар мен екі медресе шәкірттерінен құралған командалар футбол ойнап, жүлдені сарапқа салды.

Тартысты өткен футбол сайысында

үшінші орынды жеңіп алған «Әс-Сәлам» мешітінің құрама командасына 30 000 теңге ақшалай сыйақы мен арна-улы диплом табысталды. Аламанда бас жүлдегер «Арландықтардың» арынына төтеп берген «Әзірет Сұлтан» мешітінің «Сұлтан» командасы жеңіс тұғырының екінші сатысынан көрінді. Осылайша «Сұлтандар» қанжығаларына 50 000 теңге байлап, марапатқа ие болды.

Бәйгенің бас жүлдесін «Шейх Кун-та қажы» мешіті атынан қатысқан «Арланның» екпінді ерлерлері иеленіп, қазылардың шешімімен футбол кубогы мен 70 000 теңге қаржылай сыйақыға лайықты деп танылды.

Дайындаған:Жайық НАҒЫМАШ

Page 9: 130 (3187) 2014-11-15

9www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

13.11.2014

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес, елді мекендерді дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы жер заңнамасының норма-лары мен талаптары сақталған жағдайда, елді мекендердің жері санатынан мемлекеттік меншіктегі жалпы ауданы

72,4047 га жер учаскелері қоса беріліп отырған сызба мен қосымшаға сәйкес жиырма жылға дейінгі мерзімге резервке қойылсын.

2. «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемле-кеттік мекемесі осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары С.М. Хорошунға жүктелсін.

Әкiм Ә. Жақсыбеков

Р/с№

Жер учаскесінің ауданы(га)

Жер учаскесінің орналасқан жері

1. 65,4940 Астана қаласы, Хусейн бен Талал және № 199 (жобалық атауы) көшелерінің қиылысы ауданы

2. 5,2508 Астана қаласы, Алаш тас жолы ауданы3. 1,6599 Астана қаласы, № А103 және 226 (жобалық атауы) көшелерінің қиылысы

ауданы

Астана қаласы әкімдігінің2014 жылғы «13» қарашадағы

№ 197-1889 қаулысына қосымша

ҚР Ұлттық Банк төрағасы Қ.Келім-бетовтің мәлімдеуінше, «China UnionPay Co.Ltd.» Ұлттық төлем жүйесінің прези-денті Ши Венчао Халық банкінің Altyn жергілікті төлем жүйесі мен «UnionPay» халықаралық төлем брендтерін қосу арқылы шығарылған төлем карточкалары туралы айта келе, олардың ерекшелігіне тоқталды. «Бұл транзакциялардың қауіпсіздік деңгейі тым жоғары әрі бұл карточкалар UPI халық аралық

төлем жүйесіне қосылған отандық және шетелдің коммерциялық банктерінің барлық банкоматтарында қабылданады. Зейнеткерлер үшін карта шығару, банкомат арқылы ақша алу, POS-терминал арқылы төлем жүргізу тегін болады. Ал, тарифтерге келсек, ол VISA және Master Card жүйелеріне қарағанда анағұрлым арзан» деді ол. Бүгінгі таңда олардың саны 4,5 млрд данадан асып отыр. Пластикалық карточкалар бойынша әлемнің көшбасшысы

болып табылатын UPI төлем карточкалары 30-дан астам елде шығарылады және 142 мемлекетте қабылданады екен. Яғни, әлем-де осы карточкаларға лайықталған 2 млн-нан астам банкомат пен 23 млн-нан астам POS-терминал жұмыс істейді.

Одан әрі Қазақстан Халық Банкінің бас-қарма төрағасы Үміт Шаяхметова Қазақстан Халық Банкі мен UPI бас компа ниясы болып табылатын «China UnionPay» арасындағы ынтымақтастық 2006 жылы осы серіктестер арасында жасалған Эквай ринг шартына қол қойылған күн нен басталғанын жеткізді. Оның ай туын ша, серіктестік қарым-қатынас 2012 жылдың желтоқсанында, «UnionPay International»-дың Шанхайда өткен ресми тұсаукесерінде ТМД, Ресей, Шығыс және Орталық Еуропа елдерінің ішіндегі жалғыз Қазақстан Халық Банкі ғана «UnionPay International»-дың Халықаралық кеңесінің төлем жүйесін басқарудағы өкілеттіктерге ие алқалы органының құрамына кірген күннен нығая бастады.

1. Мемлекеттік қызмет көрсету және құқықтық сараптау бөлімінің бас маманы, D-O-4 санаты, 1 бірлік. Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 64 063 теңгеден 86 485 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Конститу-циялық құқығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын бақылайды. Тағдыр тәлкегіне тап болған балалар туралы деректерге талдау жүргізеді, балалар мен жасөспірімдер арасында өзіне қол жұмсаудың алдын алу мәселесі бо-йынша жұмысты ұйымдастырады. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша жиынтық статистикалық есептер жинау, өңдеу, талдау жасауды жүзеге асырады. «Ар-найы әлеуметтік қызметтер көрсетудің кіріктірілген моделін іске асырудың бес қадамы» Білім басқармасы мен басқармаға қарасты ұйымдардың қызметкерлеріне туындаған мәселелері бойынша құқықтық кеңес беру. Мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ білім ұйым дарында құқықтық жалпыға міндетті оқыту жоспарын жасайды және құқықтық оқуды ұйымдастырады. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша баяндамаға, анықтамаға, Басқарма басшысының баяндамасына, мақалаларға аналитикалық материалдар дайындайды. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, кон-ференциялар, дөңгелек үстелдер және басқа іс-шаралар дайындауды қамтамасыз етеді. Бөлім құзыретіне жата-тын мәселелер бойынша азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін, шағымдары мен ұсыныстарын қарайды, сот отырыстарына қатысады. Нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізеді. Шығыс құжаттарына, Білім басқармасының бұйрықтарына, басқармаға қарасты білім ұйымдарын құруға, қайта атауға, қайта құруға және жоюға арналған қаулылар мен оның қосымшаларына құқықтық сараптама жасайды.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: «Білім», құқық (заңгер, құқық қорғау жұмысы) салала-рындағы жоғары білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір

жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жыл-дан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда «Білім», құқық (заңгер, құқық қорғау жұмысы) салаларындағы ор-тадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) нысанға сәйкес өтініш; 2) 3х4 үлгідегі суретпен нысанға сәйкес толтырылған сауалнама; 3) бiлiмi ту-ралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; 7) құжаттарды тапсыру сәтінде шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе нотариатты куәландырылған көшірмесі)

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда 4) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді. Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының олар-ды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арт-тыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша

ақпараттарды бере алады. Азаматтар жоғарыда аталған құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде бере алады.

Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды хабарла-мада көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде бере алады. Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Жоғарыда аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру БАҚ-та («Вечерняя Астана» және «Астана ақшамы») соңғы жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінде (Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 7 қабат, 722 кабинет) қабылданады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер конкурс комис-сиясы шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комис-сиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарлан-дыру қатысушылардың электрондық мекен-жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін. Үміткерлермен әңгімелесу «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінде (Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 7 қабат, 722 кабинет) әңгімелесуге шақырған күннен бас-тап бес жұмыс күні ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушылар ретінде Қазақ стан Республикасы Парламентінің және бар -лық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақ-стан Республикасы заңнамасында белгіленген тәр тіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құ-рал дарының, басқа мемлекеттік органдардың,

қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйым-дардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қыз-меткерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының оты-рысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың кө-шірмесін, жоғарыда аталған ұйымдарға тиесілілігін рас тайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшір-мелерін ұсынуы қажет.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік ла-уазымына үміткерлер тестілеуден Қазақстан Рес-публикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Астана, Алматы, Атырау, Көкшетау, Пав-лодар, Тараз, Өскемен, Орал, Петропавл, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды, Талдықорған, Ақтөбе, Ақтау және Шымкент қалаларындағы аймақтық тестілеу орталықтарында белгіленген тәртіппен өтеді.

D-O-4 cанаты үшін тестілеу бағдарламасы: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заң-намасын білуге арналған тестке Қазақстан Респуб-ликасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақ стан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақ стан Республикасының конституциялық заңы, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбай-лас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ту-ралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заң-дарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

Page 10: 130 (3187) 2014-11-15

10www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

ту, олардың отбасыларының материалдық жағынан қамтамасыз етілуін жақсарту.

«Қазақстан Республикасында мүгедек-тiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағ дайы бойынша және жасына бай ла -нысты берiлетiн мемлекеттiк әлеу мет-тiк жәрдемақылар туралы», «Қазақ стан Республикасындағы арнаулы мемле кет -тік жәрдемақы туралы» заңдарға сәй-кес мүмкіндігі шектеулі жандарға рес-публикалық бюджеттен ай сайын мүге-дектiгi бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк және арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар төленеді. Сонымен қатар, 2010 жылдан бері мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасыларға ай сайын ең төменгі айлықтың 1,05 мөлшерінде жәрдемақы төленеді. Бұл –балаға ерекше күтім жасау үшін жұмысынан қол үзуге мәжбүр болған ата-аналар үшін үлкен демеу болды.

Мүмкіндігі шектеулі адамдарды жеке оңалту бағдарламасына сәйкес техникалық көмекші құралдармен қамтамасыз ету және әлеуметтік қызмет көрсету ұдайы бақы-лауда.

Айталық, мүгедектер протездiк-ортопе-диялық бұйымдармен, сурдотехникалық,

Мүмкіндігі шектеулі жандарға тіршілік-тің түрлі ортасында өзгелермен тең мүм-кіндік жасау тұрғысында заңдық құжат-тарда белгіленген негізгі мәселелер – оңал-

оның ішінде сурдопротездік және тиф-ло тех никалық құралдармен, жеке гигие-на лық заттармен, арнаулы жүрiп-тұру құ рал дарымен қамтамасыз етіледі. Жыл сайын ересектер мен балалар санаторлық-курорттық емдеуге жіберіледі.

Елордалық мүмкіндігі шектеулі жандарға қажеттілігіне қарай жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының қызметтерін, сонымен қатар, «Инватакси» қызметтерін пайдалануға мүмкіндік бар.

Мүгедектер күніне жергілікті бюджет қаражатынан жыл сайын біржолғы ақшалай жәрдемақы төленеді, мүмкіндігі шектеулі жандар қатарынан саналатын мектеп түлек-теріне арнайы мақсатты грант бөлінеді.

Сонымен қатар, қосымша әлеуметтік қол дау мақсатында үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларға жергілікті бюджеттен әлеу-меттік көмек көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес әлеуметтік инфрақұрылым ғимараттарына мүмкіндігі шектеулі жандардың кедергісіз кіруіне қатысты ауқымды жұмыс атқарылуда.

2013 жылдың маусымынан заңға өзгеріс енгізілгеннен кейін Астана қаласының Жұ-мыспен қамту және әлеуметтік бағдар ла-малар басқармасы «ДОС» тәуелсіз өмір орталығымен бірлесіп мемлекеттiк қа-был дау комиссиясының құрамында жаңа нысан дарды қабылдап алуға қатысады. Ал, бұл өз кезегінде мүгедектердің мүддесін ес ке ретін ҚЕжЕ талаптарын сақтауға мүм-кіндік беретінін айта кеткен жөн.

Елордадағы бейімделген медицина лық-әлеу меттік мекемелер мүгедек тер дің қажет-

тіліктерін толық қанағаттан дыра тын дай көмекші және медициналық құрал дармен жабдықталған.

Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсе-тудің бәсекелі ортасын қалыптастыру мақ са тында мемлекеттік әлеуметтік тап сырысты орындауға үкіметтік емес ұйым дар да кеңірек тартылып жатыр. Бү гінгі таңда әлеуметтік қызметтерді қо ғамдық ұйымдардың базасында алу жол ға қойылған. Келесі жылы үкіметтік емес ұйымдардың бұл бағыттағы көр-сететін қызметтерінің қатары едәуір арт-тырылады.

2 013 жылы елімізде мүмкіндіктері шек теулі жандардың шығармашылық қа білетін ашып, қарымын күшейтетін «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз» атты конкурс рес пуб ликалық, аймақтық деңгейде ұйым дастырылды. Конкурстың іріктеу турлары Қазақстанның барлық аймақтарында, соның ішінде елордада өтті.

Ағымдағы жылы Қазақстан Республи-касының Денсаулық сақтау және әлеу-меттік даму министрлігінің ұйытқы бо-луы мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге көмек көр сету, халықтың әлеуметтік осал топта рының өмірлік деңгейін көтеру мақса тында екінші рет ұйымдастырылған «Қазақ-станда іске асыратын үздік әлеуметтік жобалар» республикалық көрмесі өтті. Аймақтарда өткізілген іріктеу турла рын-да халықты әлеуметтік қорғау жүйе сінде қызмет атқаратын қоғамдық бір лестіктер, мүгедектердің қоғамдық ұйым дары, басқа да мекемелер мен ве домстволар, жеке тұл ғалар және басқа да үкіметтік емес ұйымдар қатысты.

Әрбір ер кісі төсек қатынасының жай ләззаттану ғана емес, абзалы спорттың ай рықша түрі екенін растайды. Және әр-қайсысы онда үздік нәтижелер көрсетуге тырысады. Өзіне де сүйіктісіне де тоят сыйлаған жігіт – нағыз еркек! Бірақ, әр-дайым бұлай бола бермейді... Мұндай кірпияз проблеманы достарымен немесе әйелімен талқылауды ерлер құп көрмейді. Шығар жолды өзіне іздеуіне тура келеді. Мұндай жол бар!

М е н б е л қ у а т ы п р о б л е м а с ы н а н арылтатын табиғи дәрі-дәрмек туралы айтып отырмын. Оның аты – АЛИ-

Дәріханалардан сұраңыздар!

КАПС. Табиғи құралдың күшті екеніне сену қиын ба? Ал фактінің аты – факт. АЛИКАПСтың құрамында ешқандай химия жоқ, қабылдағаннан кейін бір сағаттан кейін тұрақты да ұзақ мерзімді эрекция береді.

Оның құрамында бірнеше күшті табиғи заттар мен дәрумендер бар: жгун-тамыр, горянка, женьшень, йохимбе қабығының сығындысы, индол-3-карбинол (өсімдік негізінде), L-аргинин, кверцетин, фолий қышқылы (В9), В6 және В12 дәрумендері, калий. Олар ұштасқанда жыныстық әуестікті арттырып, бел қуатын күшейтеді.

Қатты эрекциядан бөлек, АЛИКАПС

ер лер ағзасына жалпы сауықтырғыш әсер береді, тұтастай алғанда ағзаның шыдам-дылығын қамтамасыз етеді. Бұл жұмысқа қабілетіне, назарға және күштің құйылуына да қатысты.

Бір ай ішінде күніне небары бір капсула – және сіз төсектегі проблемаларды ұмытып, жалпы тонусқа ие боласыз.

АЛИКАПСтың ерекшелігі – оның шар-шауды басуға қабілетінде. Мәселен, егер күні бойы жұмыста болып, күйзелістермен өткізсеңіз, онда сіздің ерлер қуанышына мүлдем көңіл бұрмасыңыз анық. Міне, осында АЛИКАПС қажет болады. Төсек

қатынасына дейін бір сағат бұрын бір кап-суласын ішсеңіз, ағза мүлдем табиғи күшті эрекциямен жауап береді, ал шаршаңқылық қолмен сылып тастағандай. Ханымдар қанағат табады.

Page 11: 130 (3187) 2014-11-15

11www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы»

КМК-ге хабарласыңыз! Мекенжайы: Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3, Бизнес-орталық

ғимаратының 2-қабаты. 104,5,14,34 автобустарымен келуге болады.

Анықтама алу телефоны: 57-88-88.

«Алаш аманаты» қоғамдық бірлестігінің ұжымы Дүниежүзілік қазақтар қауымдасты-ғының Астанадағы және Солтүстік өңірлердегі өкілі Қарлығаш Бекпатшақызына немересі

Қазбек Кәдірбекұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Қазақстанның Бас редакторлар клубы «Әділет» ұлттық апталығының президенті, клуб мүшесі Қуанышбек Ботабековке әкесі

Тасболат Жұмаәліұлыныңқайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады

Дін проблемаларын зерттеу орталығы 8 (7172) 78-22-88, www.religii.kz

Астана қ. МАЭ сотының 28.10.2014ж. ұйғарымымен «Монолит-энерго» ЖШС (БСН 040940006345) банкрот деп тану туралы іс қозғалды.

Определением СМЭ суда г.Астаны от 28.10.2014г. возбуждено дело о признании ТОО «Монолит-энерго» (БИН 040940006345) банкротом.

1. Баспасөз қызметінің басшысы-баспасөз хатшысы (D-3 санаты, 1 бірлік). Лауазымдық жала-қысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 94813 теңгеден 128126 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:Қала әкімін, оның орынбасарларын ақпараттық

қамтамасыз ету; БАҚ-ты ресми ақпаратпен қамта-масыз ету, республикалық, астаналық және өңірлік БАҚ-тың тіркелген журналистерімен жұмыс жүр-гізу. Мемлекеттік органдардың және қалалық ұйым-дардың басшыларының қатысуымен теле/радио-бағ-дарламалар, бағдарламалар, брифингтер және пресс-конференциялар ұйымдастыру және өткізу.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: Жур-на листика немесе қоғамдық байланыс мамандықтары бойынша әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы жоғары білім.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттiк қызмет өтiлi екi жылдан кем емес; 2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық

бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;

3)  жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағ-дарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоға ры оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi  республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

4) ғылыми дәрежесiнiң болуы.Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар: 1) нысанға сәйкес өтініш; 2) 3х4 үлгідегі суретпен

нысанға сәйкес толтырылған сауалнама; 3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; 7) құжаттарды тапсыру сәтінде шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе нотариатты куәландырылған көшірмесі).

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда 4) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді. Құ-жат тардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын 3) және 4) тармақшаларында көрсе-тілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады. Азаматтар жоғарыда аталған құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде бере алады.

Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды хабарламада

көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде бере алады. Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Жоғарыда аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру БАҚ-та («Вечерняя Астана» және «Астана ақшамы») соңғы жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11-үй, № 431 кабинетте қабылданады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер конкурс комиссиясы шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізу күні ту-ралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабар-ландырылады. Хабарландыру қатысушылардың элек-трондық мекен-жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.

Үміткерлермен әңгімелесу «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде (Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11-үй) әңгімелесуге шақырған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясының отырысына байқау-шыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құрал-дарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының оты-рысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда аталған ұйымдарға тиесілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшір-мелерін ұсынуы қажет.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына үміткерлер тестілеуді Қазақстан Респуб-ликасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана, Алматы, Атырау, Көкшетау, Павлодар, Тараз, Өскемен, Орал, Петропавл, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды, Талдықорған, Ақтөбе, Ақтау және Шымкент қала ларындағы аймақтық тестілеу орталықтарында белгіленген тәртіппен өтеді.

D-3 cанаты үшін тестілеу бағдарламасы: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясы (15 сұрақ); «Қазақстан Республи касының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Қазақ стан Республикасының конституциялық заң дары; «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

«Астана қаласының Энергетика басқармасы» ММ «Институт «КазНИПИЭнергопром» АҚ әзірлеген «5-інші енгізілім жылу магистралінің құрылысы» (Астана қаласының сол жағалау бөлігіне жылу магистралін салу, 5-інші енгізілім)» ЖСҚ құрамындағы ҚОҚӘ құжаттарын «Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-не мемлекетік сараптама алу үшін тапсырылатынын хабарлайды.

Page 12: 130 (3187) 2014-11-15

12www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы келтірген дерек-терге сүйенсек, бүгінде бүкіл әлемде 5 миллион әйел жасанды түсік жасатады екен. Қазақстанда да бұл қатарға қосылып жатқан бойжеткендер аз емес. Шамамен елімізде жыл сайын 200 мың ша-рана жарық дүние есігін ашпай, құрсақта өмір қиылады.

Бұл сандар бәлкім ешкімді де елең еткізбейтін шығар. «Диірменде туған тышқан дүрсілден қорықпайды» де-

г е н д е й , к ү н д е л і к т і б о л ы п жатқан зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің, арсыздық пен ұятсыздықтың неше түрінен ха-бар алып жүрген елдің құлақ еті үйреніп те кеткен шығар, бәлкім!?

Десе де, өткен апталарда «Фейсбук» әлеуметтік желісі арқылы таралған мына ақпарат көпшілікті бейжай қалдырмады. Өзінің қайталанбас өнерімен көптің ықыласына бөленіп, танылып келе жатқан суретші Аңсаған Мұстафаның «Мамам мені өлтіретін шығар...» деп аталатын жалғыз суреті бір бой-жеткенге ой салып, бір сәбидің өмірін сақтап қалыпты.

Өз сөзіне сүйенсек: «Маған мынадай хат келді. Б і р қ ы з т ұ р м ы с қ а ш ы ғ ы п , к ү й е у і м е н айырылысып кеткен екен. Құрсағындағы сәбиін алдырмақшы болады. Бірақ, ойла-нып жүргенде менің суретімді көзі ша-лып қалады. Ол түсік жасатуға қарсылықтан туған, сегіз тілге ауда-рылып, тарап кеткен ту-ындым болатын. Онда жүкті болып қалған бойжеткен «Мамам мені өлтіретін шығар...» деп, бүк түсіп жатады. Құрсағындағы шарананың да қорқынышы сон-дай еді. Осыны көрген әлгі қыз қатты толқыған екен. Сөйтіп, түсік жасату жайлы ойынан бас тартып, сәбиін дүниеге әкеліпті. Осыны айтып, маған рахметін білдіріпті», - дейді Аңсаған.

Бұл оқиға, әрине, суретші қызды да қатты әсерлендіріпті. Өзіне келген хатты фотоға түсіріп, әлеуметтік желіге салған Аңсаған: «Мына хатты қайта-қайта оқи бергім келеді. Алғашында жылап алдым... Бір сәбидің өмірін сақтап қалуға ықпал етіп жатса, менің өнеріме бұдан артық баға жоқ. Бұл сәби енді маған бөтен емес. Ол менің де балам» депті ағынан жарылып...

Кеңестік кезеңде елдімекендер мен қалаларда қазіргідей көз тұндырар алабажақ жарнамалар болмайтын. Есесіне, елді, жастарды

адамгершілікке, отансүйгіштікке, адалдыққа шақырған қанатты сөздер жазылып, ілініп тұрушы еді. «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды», «Жат жерде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол», «Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді» сын-ды даналық сөздер мен мақал-

мәтелдер оқығанға ой салмай қоймаса керек.

Сүйінерлігі, мұндай үрдіс, ұлағатты сөздерді елдімекендердің көрнекі тұстары мен үлкен жол бойындағы бағаналарға жазып, іліп қою кейбір өңірлерде әлі сақталған. Бұл істі олар қоғамды кертартпа әдет пен кесірліктен, қатыгездік пен қасиетсіздіктен қорғаудың бір тәсілі ретінде қарастырады.

Осы тұста мына бір жәйт ойымызға оралады. Өз кезінде ақын Әбділдә Тәжібаев ақсақал қаламгер, ұстаз ретінде қарындасы ақын Күләш Ахметова туралы мақала жазған екен. Сол жазба-сында:

«Құлағанды деме де, бақытты қыл,

Бақыттының тұнығын лайлама!Не берейін деп Тәңірі сұрай

қалса,Алдыменен ақыл мен жұмыс

бер де!Масқара қыл, аяма, әшкере қыл,Атағы үшін атасын сататынды!Өмір – бәйге, замандас озып

кетсе, Күбірлемей, күндемей, күліп

қара!Мен осы егіз жолдарды плакатқа

айналдырып, көпшілік жиналатын жерлерге ілдіріп қояр едім. Жақсы өлеңдерге кітапқа ену аз, олар плакатқа да айналулары керек!» - депті...

Ал бүгін «телеарналық тәрбие» ықпалды болып тұрған за-манда ізгіліктің, ұлағаттың үні шығып жатыр ма? Көпшілік назар аудара-тын сыртқы жарнамалар арқылы да балалар мен жастарға ой салуға бола-тынын ескеріп жүрміз бе?

А қ с е л е у С е й д і м б е к ағамыз айтатын: «Бүгінде телеарналар қазақтың р у х ы н ү й д і - ү й і н д е

тұншықтырып, өлтіріп жатыр» деп. Сол тұншыққан ұлттық тәрбие тым болмаса қоғамдық орындардағы, көшедегі сыртқы жарнамалар арқылы насихатталса, қанеки!

Қ а з і р г і к ү н г і к ө ш е жарнамаларының бәрі дерлік ақша табу мүддесімен ғана жасалатыны

бүгінгі жастар тәрбиесіне те-леарналар қалай ықпал етсе, сыртқы жарнамалар да со-лай әсер етеді. Өйткені, көру жүйесі адамның ой-санасына анағұрлым ықпалды. Демек, сыртқы жарнамалардың қоғамға тигізер әсері мол. Ізгілікті на-сихаттайтын к ө р н е к і жарнамалар арқылы да жас-тар тәрбиесін біршама түзеп отыруға болады.

Бүгінгі таңда елорданың өзінде 200-ге тарта жарнама агенттіктері бар екен. Олар тап-сырыс берушінің талабы бойын-ша жарнамалар жасап, дайындап береді. Одан кейін жарнамалық өнім жергілікті әкімшіліктің мақұлдауынан өтеді. Әкімшілік қызметкерлерімен келісілген жерге жарнама тақталары ілінеді.

Бұдан шығатыны, өткеннен сабақ алу – кері кету емес. Ж а қ с ы і с т і қ а й к е з д е д е жалғастыруға болады. Бұл, әрине, жергілікті атқарушы биліктің талап-тілегіне байла-нысты.

Ал өнері арқылы жастарға тәрбие беріп, олардың жол-дан жаңылмай, бақытты өмір сүруін тілейтін суретші, бір суреті арқылы жоқ дегенде бір сәбидің өміріне араша түскен ару Аңсаған Мұстафа қоғамдық тәрбие үшін билікке қол созуға дайын.

Нәзира САЙЛАУҚЫЗЫ

түсінікті. Жарнама берушілердің арасынан жақсылық жасағаннан ләззат алатын жандарды іздеудің өзі – ақымақтық.

Десек те, соңғы айларда еліміздің әр аймағында, үлкен қалаларда балғын сәбидің мұңлы жүзі бейнеленген билбордтар қаптай іліне қалды. Өкініштісі, бұл әлеуметтік жарнаманың мақсаты да әкесінен тірідей айырылған сәби үшін алимент талап ету ғана екен. «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жо-лын іздеп», сол билбордтардың орнына «Отбасыңды сақта!», « О т б а с ы н а о п а с ы з д ы қ жасаған Отанын қорғамайды» деген тәмсілдермен отбасы құндылығын насихаттасақ, артық болушы ма еді?..

П с и х о л о г Л и м а н а Қ о й ш и е в а н ы ң а й т у ы н ш а ,